23 Ақп 2018 ж.
Тілдер апталығыБіздің «Мирас» бөбекжай-бақшамызда «Халықаралық ана тілі күніне» орай «Үш тұғырлы тіл – болашақтың бастауы» атты апталығымыз ұйымдастырылды. Апталықтың шымылдығы думанға толы мерекелік салтанатты ашылу рәсімімен бастау алды. Әр күн өзінің түрлі ісшараларымен балалар үшін көңілді болып, олар барынша қызығушылықпен апталықты өткізді.
5-6 жас топтарында «Қазақшаң қалай, балақай?», «Funny English» зияткерлік байқаулары қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізілді.
4-5 жас топтарының тәрбиеленушілері жаңашаланған үлгідегі «Қызыл Телпек» ертегі желісімен қойылымды үш тілде сахналады.
3-4 жас топтарына қазақ және ағылшын тілі мұғалімдері «Old Macdonald had a farm» / «Түлкі мен қоян» ертегілерін қуыршақ театрын көрсетті.
Педагогтарға арналған «Ойнайық та, ойлайық» / «Let`s learn and play» үш тілді викторинасымен апталықтың шымылдығы жабылды.
20 Қаз 2023 ж.
Алтын күз«Мирас» бөбекжай-бақшасында 19-27 қазан аралығында барлық жас топтарында күзгі ертеңгіліктер болып өтті.